сарғайған сағыныштың тәтті арманы,
тұман түннің тұншыққан ақ таңдары,
едің ғой сәулем, мендегі едің және,
мандайдың айықпастай батпан бағы.
Неге ұмыттың соны қалай ескермедің,
ескермедің мәңгілік ескергенім,
санамның сары жұлдызы болд-ау, әттең,
қимасам да қоштасқан кештер менің.
ұмытып бал қиялдың баяндысын,
баяндысын бақыттың аяулысын,
жырақтауға тиіссіз кербезім-ау,
кеттің қайда, жоқ әлде таяумысың.
тұман тұнған шаттықсыз маңайымнан,
кездер мынау оянбас таң уайымнан,
іздесем бе, бармысың бағым менің?
Күрсінген күндерімнің шалғайынан…
Filed under: Uncategorized | Leave a Comment »






